nБірінші топқа тігілу реакцияларын жатқызуға болады – макромолекулалардың көлденең байланыстарымен қосылуы (эластомерлердің вулкандану, қатаю реакциялары), блок-  және жалғанған сополимерлерді алу.
nЕкінші топ – оттегі, сондай – ақ әртүрлі физикалық факторлардың (жылу, жарық, сәуле және т.б.) әсерінен өтетін бұзылу реакциялары. Бұл реакциялардың ерекшелігі – елеусіз реакция тереңдігінде полимердің физика – химиялық қасиеттерінің әжептеуір өзгеруі. Мысалы, макромолекулаға полимердің молекулалық массасы шамамен екі есе кемуі және оның механикалық қасиеттері өзгеруі үшін бұзылудың бір акті ғана жеткілікті болып табылады. Макромолекулаға полимер еру қабілетін жоғалтуы үшін бір молекула аралық байланыстың түзілуі жеткілікті.
n Бұл реакциялардың көпшілігі техникалық бағалы өнімдер алу үшін өнеркәсіпте қолданады. Бірақ олар полимерлердің химиялық түрленулерінде қосалқы да болуы мүмкін.